Енді үлкен кәсіпорындардың экологияға әсері азаяды. Шымкентте ауаны ластайтын 4 үлкен нысан анықталған. Соның бірі «Стандарт цемент» зауыты. Қазіргі таңда зауыттың мұржаларына мониторинг жасайтын автоматтандырылған қондырғы жүйесі орнатылды. Бұл құрылғы ауаға таралатын улы заттың мөлшерін қадағалап отырады. Шамадан тыс ластану анықталса бірден белгі береді.
Еңбекші ауданы қала бойынша экологиялық лас аймаққа жатады. Себебі ірі кәсіпорындардың басымы осында орналасқан. Әсіресе индустариалды зонаға жақын орналасқан тұрғындарданда атмосфераның ластануы бойынша шағым жиі түседі екен.
СВЕТЛАНА ФАДЕЕВА - ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ
-Бірінші дәрежелі кез-келген кәсіпорынның санитарлық қоршау аймағы 500 метр болуы керек. Осы аралықта ешқандай тұрғын үй салынбауы тиіс. Егер тұрғындар бұл кәсіпорын аумағына баспана тұрғызса онада олар экологиялық лас аймақта екенін түсінуі керек. Қазіргі таңда мұндай аймаққа бізде Еңбекші ауданы жатады. Себебі ауданда индустриалды зона орналасқан.
Жалпы Шымкент қаласында экологияға әсері бар I санаттағы объектілерге «Стандартцемент», «Шымкентцемент», «3-Жылуэнергоорталық» және «ПетроҚазақстанОйлПродактс» мекемесі жатады. Экологогтардың айтуынша, аталған серіктестіктер мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнатуы тиіс. Қазіргі уақытта бұл міндеттемені «ПетроҚазақстанОйлПродактс» мойнына алмай отыр. Экология департаменті биыл мұнай зауытынан өзге де кемшілік анықтап, 45 миллион теңгеге жуық айыппұл салыпты.
САБЫР БАЛБЕК – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- «ПетроҚазақстанОйлПродактс» жоспарға сәйкес тексеру жұмыстары жүргізілген 2024 жылы. Ол мекеме мониторингтің автоматтандырылған жүйесін орнатпағаны үшін ӘҚБК табаына сәйкес әкімшілік жауапкершіліке тартылған. Ол бойынша нұсқама берілген. Одан да бөлек тексеріс жүргізілген. 45 миллион шамасында айыппұл салғанбыз тексеру нәтижесінде. Бір рет өзіміздің жоспарға сйкес тексеру нәтижесінде.
«Стандартцемент» серіктестігі биыл ауаның ластануын қадағалайтын қондырғының екеуін орнатыпты. Атмосфераға таралатын ластаушы заттардың нақты көлемі белгілеуіштер арқылы үздіксіз өлшеніп, онлайн-мониторинг жүргізіледі. Құрылғы газдың физикалық параметрін анықтап, химиялық құрамын көрсетеді. Оны мемлекеттік қадағалау органдары тексеріп тұрады.
БАЯНСҰЛУ ОРАЗБАЙ - «СТАНДАРТЦЕМЕНТ»ЖШС БАС ЭКОЛОГЫ
АСМ қондырғысы ол біздегі екі источникке орнатылған. Номері 0023, 0091. Ол жерде бізде серооксид, углерооксид, пыльды және азотоксид, озотдиоксид мөлшерлерін реально режимде жібереді. Бұл қондырғылар қазіргі атаңда әр 20 минут сайын жіберіліп отырады. Әр 230 минут сайын министерстводан және департамент экологиядан дәл осы моментте көріп отыра алады.
Ауа қабатын ластайтын элементтердің көлемі рұқсат етілген мөлшерден асса, департамент заң аясында тиісті шара қабылдайды