ЖАСТАР ТЕГІН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫНА ҚАТЫСТЫ
Бүгін қалалық креатив хабта шығармашылыққа жаны құштар жастар үшін шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Сәулет тақырыбына арналған танымдық іс-шараға қатысушылар заманауи дизайн бағытын меңгерді.
Арнайы шеберханада өтетін жиынның ауқымы тек бір бағытпен шектелмейді. Қатысушылар мұнда тігін өнерін меңгеріп кана қоймай, қылқалам тербеп сурет салуды үйренеді әрі бірегей бұйым жасаумен айналысады. Үздіксіз жұмыс істейтін шығармашылық аймаққа кез келген қала тұрғыны келіп, мамандардан тегін кеңес алып, қарым-қабілетін шыңдай алады. Еркін пікір алмасу форматындп өткен жиында жастар толғандырған сауалдарына жауап алып, өнердің қыр-сырын меңгерді.
ЖАННА ЕЛТАНОВА, SHYMKENT CREATIVE HUB КООРДИНАТОРЫ
Бүгін дизайн интерьер мамандары креатив хабқа келіп, шеберлік сыныбын ұйымдастырып жатыр.Дизайндағы ерекшеліктермен таныстырып, қызықты нәрселерді үйретеді. Бейсенбі күні тегін түрде келушілерге шеберлік сағатын өткіземіз.Шығармашылығын шыңдаймыз.