Негізгі Жаңалықтар ҚЫЗМЕТ АЛУДЫҢ ЖОЛЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚЫЗМЕТ АЛУДЫҢ ЖОЛЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚЫЗМЕТ АЛУДЫҢ ЖОЛЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Мемлекеттік қызмет алу тәртібі тұрғындарға түсінікті әрі қолжетімді болуы тиіс. Шымкентте осы бағытта кезекті «Қызмет алушылар күні» ұйымдастырылып, халыққа қажетті ақпарат бір алаңда ұсынылды.

Кездесуге еңбек және әлеуметтік қорғау саласы, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту басқармаларының, сондай-ақ Еңбек мобильділігі орталығының мамандары қатысты. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша тікелей кеңес алды.

ҚАНАТ ҚАДЫРБЕКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ
Осы кездесуде 3 басқармаға қатысты негізгі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тетіктері түсіндіріліп, олардың қызмет алушыларға осы қызметтердің ерекшеліктері, заң талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мамандар тұрғындарға қызмет көрсету тәртібі мен заң талаптарын түсіндіріп, нақты сұрақтарға жауап берді. Департамент басшысының айтуынша, мұндай кездесулер тоқсан сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады.

ӘСЕЛ ШӨКЕТАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Иә, бұл іс-шара ұнады, өте жақсы өтіп жатыр. Сұрақтардың бәріне жақсы жауап беріп жатыр. 00:15-00:21 Иә, қажетті ақпараттардың бәрін алдым. Сұрақтарым қанағаттанарлық деңгейде жауапталды.

Бұл ашық формат тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Мамандар халыққа қажетті ақпаратты тікелей ұсынып, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру жұмыстарын алдағы уақытта да тұрақты жалғастырмақ.



Бөлісу