ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістанда бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, қазақ боксының мақтанышы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы XXI Халықаралық бокс турнирі басталды.
2013–2014 жылы туған жасөспірімдер арасындағы бәсеке Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өтіп жатыр. Турнирге Қырғызстаннан және Қазақстанның бірқатар өңірінен 400-ден астам жас спортшы қатысуда.
МАДИЯР ӘЛІПОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мемлекетімізде жастарға спортпен шұғылдануға жағдай жасалып келеді. Міне Бекзат Саттарханов ағамыздың атында осындай спорт кешені бар. Жастарымыз алдағы уақытта спортпен шұғылданып, Бекзат ағамыздың жолын беріп, үлкен жетістіктерге жете берсін. Сәттілік!
20 жасында жасындай жарқылдап, Сидней олимпиадасының шыңын бағындырған Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова батыр ұлын еске алуға арналған турнирге арнайы келген. Жарыс 1 қазанға дейін жалғасады. Жас боксшылар бірнеше күн бойы шаршы алаңда бақ сынап, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
АЙСҰЛТАН СЕМБАЙ, БОКСШЫ
Боксқа кішкентай кезімнен Бекзат Саттарханов ағамызды көріп қызығып, 10 жасымнан бастап келдім. Осы турнирге үшінші рет қатысып отырмын. Үшеуінде де бірінші орын, үздік боксшы болдым.