Негізгі Жаңалықтар КӨЛІК ШЕРУІН ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ЖҮРГІЗУШІЛЕР ҰСТАЛДЫ

КӨЛІК ШЕРУІН ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ЖҮРГІЗУШІЛЕР ҰСТАЛДЫ

Түркістан облысында көлік шеруін ұйымдастырып, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды. Жедел басқару орталығының қызметкерлері қауіпті маневр жасап, жол тәртібін бұзған 8 автокөлікті анықтаған.

Автокөліктер арнайы айыптұраққа қойылып, жүргізушілерге әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар Daewoo Nexia маркалы көліктің қарсы қозғалыс жолағына шыққаны белгілі болды. Жүргізушілерге қатысты жинақталған материалдар сотқа жолданды. Полиция жолдағы тәртіптің бейнебақылау камералары арқылы тұрақты бақылауда екенін ескертеді.

Бөлісу