ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТ АРТЫП КЕЛЕДІ
Шымкент қаласы шетелдік және жергілікті туристер арасында ең танымал бағыттардың біріне айналып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша шаһарға барлығы 550 мыңнан астам турист келген. Көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп отыр.
Қаланың туристік әлеуетінің жыл санап артуына инфрақұрылымның жақсаруы, жаңа қонақүйлер мен QR-маршруттардың іске қосылуы оң әсерін тигізген. Қазір Шымкент қаласында17 туристік бағдар желісі жұмыс істеп тұр. Олардың ішінде "Түркістан – Ташкент – Ақсу-Жабағалы – Шымкент" бағытындағы 4 күндік тур саяхатшылар арасында аса жоғары сұранысқа ие. Шаһардағы бұл 17 туристік маршрут бойынша жалпы алғанда 24 туроператор мен 120-ға жуық туристік агенттік қызмет көрсетеді. Айта кетейік, Алматыда жыл он екі ай жұмыс істейтін жаңа тау курорты ашылмақ. Көкжайлау шатқалында жүзеге асырылып жатқан Almaty SuperSki жобасы шымкенттік тұрғындар мен туристер үшін жаңа туристік маршруттың бірі болмақ.