Негізгі Жаңалықтар ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУҒА 8,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ БАҒЫТТАЛДЫ

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУҒА 8,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ БАҒЫТТАЛДЫ

«Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі баспасөз турын ұйымдастырды. //  Компанияның  2023–2027 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. // Халықты сапалы әрі тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қандай жұмыстар жүргізілуде? Тілшіміз тарқатады.


 Бұл — Түркістан қаласы  Аяпберді Сабырханов көшесі.  Мұнда  159 үй бар. 1973 жылдан бері жұмыс істеп келген трансформатор  жаңартылды. Әбден тозып, шіри түскен ағаш тіректер темірбетон бағаналарға ауыстырылды.  Электр желісі заманауи  оқшауланған,  СИП сымдарымен тартылды.


ТОҚТАРБАЙ КОКАЕВ, АРДАГЕР ЭНЕРГЕТИК
-Өте жақсы көңіл күйдемін. Бұрынғы ескі құрылғы қондырғыларды жаңаға ауыстырды. Өте жақсы өте мықты. Комиптермен, ноутбукпен бәрін басқарады.


Түркістан  қарқынды дамып келеді. Электр энергиясына деген сұраныс жыл сайын  артып отыр.  Аймақта  ұзындығы 12,54 шақырым  қос тізбекті 110 кВ электр желісі салынды. Оның 8,5 шақырымы әуе желісі болса, 4,04 шақырымы жерасты кабельдік желісі арқылы тартылған. Жаңа желі  6514 тұтынушыны  үздіксіз, сапалы электр энргиясмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


 НҰРБОЛ КӨКЕНОВ, ҚР ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
-Түркістан қаласы, Түркістан облысы үлкейіп кеңейіп келе жатыр. Заңа зданиялар салынып жатыр. Жаңа ғимараттар. Бизнес орталықтар. Осыған  сәйкес қуаттылықққа сұраныс көбейеді. Сол қуаттылықты көбейту де мақсатында осы трансформаторларды жаңарту, желілерді жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңарған сайын износ азаяды. Қазір көріп жатқан нысандардың барлығы  көңілімізден шықты.  


«Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігі  тозығы жеткен қосалқы станциялардың қуатын арттыруға ерекше ден қоюда. Биыл 2023–2027 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы  аясында  ірі 7 жобаны жүзеге асырды. Оның бесеуі  Шымкент,екеуі  Түркістан облысына тиесілі. Оған  8,5 млдр.  теңге инвестиция салған.   


 САМИДИН МОНТАЕВ, «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ
 – 475 шақырым  410 киловольттық электр желілерін қайта жаңарттық. Сонымен қатар кернеуі 35–110 киловольт болатын 7 қосалқы станцияда жаңарту жұмыстары жүргізілді. Жалпы осы іс-шараларға 8,5 миллиард теңге қаралған. Бүгінгі таңда оның 70 пайызы игерілді. Қазан айында жұмыстар толық аяқталады. Бұл тариф есебінен жүргізіліп жатыр.


Бүгінде «Оңтүстік Жарық Транзит»  электр  желілерінің орташа тозу деңгейі 56,5 пайызды құрайды. Биыл  56 пайызға төмендеді.  Компания  2027 жылы да электр желілерін жаңарту, инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғастыратынын айтады.

Бөлісу