ЗАҢСЫЗ ҚАРУ АЙНАЛЫМЫ ӘШКЕРЕЛЕНДІ
Шымкент қаласының Полиция департаменті мен прокуратура қызметкерлері бірлескен жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, заңсыз қару-жарақ айналымының жолын кесті.
Арнайы операция барысында заңсыз сақталған қару-жарақтар анықталды. Жедел іс-шаралар Шымкент, Алматы және Өскемен қалаларында жүргізіліп, қару жасырылған орындар әшкереленді. Нәтижесінде бірнеше атыс қаруы, оның ішінде ойық ұңғылы карабиндер мен винтовкалар тәркіленді. Қылмыстық әрекетке қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сондай-ақ тәркіленген қарулардың өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.