Негізгі Жаңалықтар ЖҰМЫСШЫ МҮДДЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

ЖҰМЫСШЫ МҮДДЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Жұмысшылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – кәсіподақ ұйымдарының негізгі міндеті. Осы бағыттағы жұмыстарды қорытындылау мақсатында Шымкентте «YNTYMAQ» қазақстандық кәсіпкерлік қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің III съезі өтті.


 «YNTYMAQ» кәсіподағы алғашқы құрылған кезде 7 мың мүшені біріктірген. Бүгінде ұйымның еліміздің өңірлерінде 13 филиалы жұмыс істейді. Сонымен қатар 16 жергілікті кәсіподақ ұйымымен ынтымақтастық туралы келісім жасалған. Қазір кәсіподақ 114 кәсіпорын мен ұйымда еңбеккерлердің мүддесін қорғайды. Ұйым құрамындағы мүшелер саны 23 мыңнан асады.


БАУЫРЖАН ӘЛТЕЕВ, «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ КӘСІПОДАҚ ОРТАЛЫҒЫ» АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Кәсіподақтар федерациясының стратегиялық бағдарламасында Мемлекет басшысы айтып отырған Әділетті Қазақстан, Заңмен Тәртіп, еңбек қауіпсіздігі бәрі бекітілген. Біз бүкіл дүние жүзілік кәсіподақтар федерациясының құрамындамыз.


Кәсіпкерлік саласы ел экономикасының маңызды тіректерінің бірі саналады. Дегенмен бұл бағытта еңбек ететін азаматтар түрлі әлеуметтік және еңбек қатынастарына байланысты мәселелерге жиі тап болады. Жиында жұмысшылардың құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік кепілдіктерді күшейту мәселелері көтерілді.


 БОЛАТ НЫСАНБАЕВ, «НБ МҰНАЙ ГАЗ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАСЫ
  Жаңадан осы Ынтымақпен жұмыс істегеннен бастап бұрынғы істелінген жұмыстарын көргіміз келіп отыр. Алдағы мақсатын білу үшін келіп отырмыз.


Съезде «YNTYMAQ» кәсіподағының соңғы бес жылда атқарған жұмыстары сараланды. Еңбек даулары кезінде көрсетілген құқықтық қолдау, соттарда еңбеккерлердің мүддесін қорғау және әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытындағы жұмыстар баяндалды.


ҚАЙРАҚБАЙ ЖАҢАБЕКОВ, ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ
Біздегі халықтың мүдесін қорғайтын салалық ұйымдардың бірі болып табыламыз. Біз ең бірінші өзгеге үлгі болу керекпіз.


Съезд барысында 2021–2026 жылдар аралығындағы қызмет қорытындыланып, алдағы кезеңнің негізгі басымдықтары айқындалды. Сондай-ақ жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғауға және кәсіподақ қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды шешім қабылданды.

Бөлісу