СПОРТШЫЛАРМЕН ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Спортшылардың теріс діни ағымдардың ықпалына түсуінің алдын алу – өзекті мәселе. Осыған орай Шымкентте терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға арналған кездесу ұйымдастырылды. Жиынға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысып, жастар арасында жат діни идеологиялардың таралуына тосқауыл қою жолдары жөнінде пікір алмасты.
Кездесуде спортшыларға терроризм мен діни экстремизмнің қоғамға тигізер қаупі түсіндірілді. Сондай-ақ жастарды ұлттық және қазақстандық құндылықтарды құрметтеуге баулу мәселесі сөз болды.
БОЛАТ ШОМАНОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ
Спортшылар арасында теріс діни бағыттарға әуестік танытатындардың саны артып келеді. Осы мәселенің алдын алу мақсатында оның себептерімен оның кері әсчерлері жайында спортшылармен бірге талқылап оның алдын алудың жолын қарастырып жатырмыз.
Спортшылар – жастарға үлгі болатын тұлғалар. Сондықтан олардың ұстанымы мен көзқарасы өскелең ұрпаққа тікелей әсер етеді. Басқосуда жастардың теріс діни ағымдардың ықпалына түсу себептері мен оның салдары талқыланып, алдын алу тетіктері қарастырылды.
БІРЖАН ЖАҚЫПОВ, №13 ОЙЫН ТҮРЛЕРІНЕН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Керемет игі шара болып жатыр. Жастарға дұрыс бағыт бағдар беру. Жол көрсету. Оларды елге пайдасы тиетін азамат қылып тәрбиелеу ортақ міндет.
Шымкент – ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі дін сабақтастығы берік қалыптасқан өңірлердің бірі. Кездесуде спортшылар дәстүрлі діннің қоғамдағы орны мен тәрбиелік маңызы жөнінде ой бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды.