Негізгі Жаңалықтар КӘСІПКЕРЛІККЕ ӘКІМШІЛІК ҚЫСЫМ АЗАЙДЫ

КӘСІПКЕРЛІККЕ ӘКІМШІЛІК ҚЫСЫМ АЗАЙДЫ

КӘСІПКЕРЛІККЕ ӘКІМШІЛІК ҚЫСЫМ АЗАЙДЫ

Шымкентте кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау жүйесі жаңартылып, тексерулер саны айтарлықтай қысқарды. Биылғы сегіз айда мемлекеттік органдар жүргізген тексерулер өткен жылмен салыстырғанда 330-ға, яғни 64 пайызға азайған. Жаңа тәсілдер бизнесті негізсіз тексеруді азайтып, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.


Статистика кәсіпкерлік санаттарына қарай әртүрлі. Шағын бизнеске қатысты тексерулер 17 пайызға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 16 пайызға артқан. Ал ірі кәсіпкерлік нысандарына жүргізілген бақылау 42 пайызға төмендеген. Осы кезеңде мемлекеттік органдар 357 профилактикалық бақылау өткізіп, талаптарға сәйкестік бойынша 27 тексеру жүргізген.


АЛДАРҚҰЛ АХМЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Эпидемиялық мәні жоғары нысандар санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде өз қызметін жүзеге асырады және профилактикалық бақылау шараларымен қамтылады.Ал эпидемиялық мәні жоғары емес бірқатар нысандар белгіленген талаптарға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алудан және жоспарлы тексеруден босатылған. Мұндай кәсіпкерлер қызметін бастау туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тиісті хабарлама беру арқылы жұмысын жүргізе алады.


Эпидемиялық маңызы жоғары нысандар санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде жұмыс істеп, профилактикалық бақылаумен қамтылады. Ал тәуекелі төмен бірқатар кәсіпкерлік нысандары жоспарлы тексерулерден босатылған. Олар қызметін бастау туралы хабарлама беру арқылы жұмысын жалғастыра алады.


ЕРМЕК НӨКЕРБЕКОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Мемлекеттік органдармен азаматтардың арыз шағымы негізінде жоспардан тыс тексерулер барысында ҚР Кәсіпкерлік кодексінің  талаптары сақталуын қатаң назарға алу қажет. Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік бақылау саласында да бірқатар өзгеріс бар. Биыл мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулер саны жалпы 330-ға, яғни 64 пайызға азайған.


Биылғы сегіз айда инвесторларға қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары 103 тексеру тағайындаған. Оның 40-ы профилактикалық бақылау болса, 63-і жоспардан тыс тексеру. Қадағалаушы прокурорлар олардың 90-ына келісім беріп, 13 тексеруді жүргізуге рұқсат бермеген.

Бөлісу