ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚАЗАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҮКІМЕТТІК КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ
Маңғыстау облысындағы әскери қызметшілердің қазасына байланысты Үкіметтік комиссия құрылды. Қайғылы оқиғаға бойынша, Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі, яғни, «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау» және 465-бап, «Кеме жүргізу қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу аясында ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Еске салайық, оқу-жауынгерлік міндетті орындау барысында ауа-райының кенеттен күрт нашарлап, 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.