ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ ЖАСТАР ФУТБОЛДА БАҚ СЫНАСТЫ
Сотталғандар арасында спорттық сайыс. «Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «ReLife» жобасы аясында пробация қызметі есебінде тұрған жастарға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кіші футболдан турнир ұйымдастырылды. Тақырыпты тілші тарқатады.
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шара биыл төртінші-бесінші рет өткізіліп отыр. Жарысқа қаланың бес ауданынан 20 команда, жалпы 700-ден астам жас қатысты. Ойыннан алдын төрешілер командаларға футбол ережелерін түсіндіріп, жеребе тартты. Қарсыластар анықталған соң, командалар өзара бақ сынасты.
ДӘУЛЕТ ҮСЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ
Сотталғандар арасында жалпы қайта қылмыстың алдын алу бойынша іс-шара жүргізілуде.Іс-шара тек сотталған азаматтар арасында, яғни тек қана пробациялық есепте тұрған сотталған азаматтар арасында өткізілуде.Әр ауданнан, қаладан командалар келді. Әр ауданнан екі командадан қатысып отыр. Сол командалар келіп, қазіргі таңда өз өнерлерін, ойындарын көрсетіп жатыр.
Бұл іс-шара тек пробациялық есепте тұрған азаматтар арасында өткізіліп отыр. Әр ауданнан командалар келіп, өзара спорттық сайысқа түсуде. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталады». Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорттық шараның тағы бір мақсаты – жастар арасында өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайту.
ҚҰРМЕТ КЕРІМБЕКОВ, «ЖАЛЫН» ҚБ ТӨРАҒАСЫ
Жалпы бұл іс-шара мемлекет басшысының заңмен, тәртіппен тапсырмасына сәйкес өтіп жатқан шара. Дәстүрлі деп айтсақ болады. Енді төртінші-бесінші рет өтіп жатыр.Жыл сайын осы кезде пробацияда тұрған жастарды осы спорт нысанына шақырамыз.Бұл шараның басты ұйымдастырушысы – Шымкент қаласының Жастар істері басқармасы және қоғамдық ұйымдармен бірегей өткізіп, «Жаңа Қазақстан» бірлестігімен ынтымақтастықта өткізіліп жатыр.
Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар мен қатысушылар марапатталады.Жүлде қоры: I орын – 300 000 теңге; II орын – 200 000 теңге; III орын – 100 000 теңге;қалған 7 командаға – 50 000 теңгеден ынталандыру сыйақысы берілді