Негізгі Жаңалықтар КӨШЕ ЖАРЫСЫ ҚАМАҚПЕН АЯҚТАЛДЫ

КӨШЕ ЖАРЫСЫ ҚАМАҚПЕН АЯҚТАЛДЫ

КӨШЕ ЖАРЫСЫ ҚАМАҚПЕН АЯҚТАЛДЫ

Шымкентте көше жарысын ұйымдастырған жүргізушілердің заңсыз әрекеті тоқтатылды. Қала көшесін жарыс алаңына айналдырмақ болғандардың жолы бұл жолы полиция бөлімінде аяқталды.

Тәртіп сақшылары заңсыз автожарысқа қатысқан екі көлікті анықтап, айып тұрағына қойды. Оқиғаға қатысы бар Шымкент қаласының тұрғындары – 27 жастағы Әләкбар Әбділазимов пен 32 жастағы Нұрболат Әбдіманаптың ісі сотта қаралды. Сот шешімімен екеуі де 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Полиция өкілдері қала жолдары жарыс өткізетін орын емес екенін ескертеді. Мұндай әрекеттер жол қозғалысының өзге қатысушыларының өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Сондықтан қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бұзған азаматтарға заң аясында қатаң шара қолданылады.



Бөлісу