Негізгі Жаңалықтар «ART HOUSE»: ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ КІЛТ ТАБЫСТАЛДЫ

«ART HOUSE»: ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ КІЛТ ТАБЫСТАЛДЫ

Баспана – әр шаңырақ үшін тұрақтылық пен берекенің берік діңгегі. Үйлі болуды арман етіп жүрген қала тұрғындары енді «Art House» кешеніне қоныс тебеді. Қуанышқа кенелген жанұялар Отбасы банк ұсынған тиімді шартпен жаңа баспананың кілтін алды.


Қала тұрғыны Сейітжан Ордабеков үшін бұл ерекше күн. Әскери салада қызмет етіп жүрген маман баспана мәселесін шешуді мақсат етіп, Отбасы банкі ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдаланған. Жылдар бойы күткен арманы орындалып, жанұя жаңа пәтердің кілтін қолдарына алды. Олар екі бөлмелі пәтердің иесі атанып, «Art House» тұрғын үй кешеніне қоныс аудармақ.


СЕЙІТЖАН ОРДАБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Әскери баспана» бағдарламасымен Отбасы банк арқылы ипотека рәсімдеп, үй алдым. Қуанып тұрмын. Сапасын тексеріп, маған ұнаған соң осы тұрғын үй кешінен көптен күткен үйімді алдым. Отбасы банк пен «Арт құрылыс» компаниясына рақметімді айтқым келеді.


 Сәулеті мен сапасы келіскен «Art House» кешенінде тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қажетті жағдай қарастырылған. Аумағы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңдары мен спорттық орындар жасақталған. Бес қабаттан тұратын кешеннің ішкі және сыртқы кеңістігі күнделікті тұрмысқа қолайлы. Қалада бой көтерген бұл заманауи  үйлер халықтың таңдау мүмкіндігін кеңейтіп, жаңа қоныстардың қатарын толықтырып отыр.


ӘНУАР ТӨЛЕНДИЕВ, «АРТ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Қазір тұрғын үй кешендерін салып жатырмыз, бұл 10-шы тұрғын үйіміз. Оның ішінде кірпіштен салынған тұрғын үйіміз. Қолжетімді бағада, іші әрленген, толық біткен үйлер бұлар.Адамдар келіп, жиһазын әкеліп тұра берсе болады.Үйді аламын деушілер болса, әлі де сатылым жүріп жатыр.Келіп, компанияның сату бөлімінен алса болады.


«Art House» кешенінде өткен жиын соңы мерекеге ұласты. Баспаналы болған отбасылардың қуанышына Отбасы банкінің өкілдері мен құрылыс компаниясының мамандары да ортақтасты. Олар қоныс иелеріне ақжарма тілектерін арнап, ізгі ниетін білдірді.

Бөлісу