Негізгі Жаңалықтар ЗАҢСЫЗ ГРАФФИТИ САЛУ

ЗАҢСЫЗ ГРАФФИТИ САЛУ

ІІМ заңсыз граффити салуға қарсы жұмысты күшейтті. "Таза Қазақстан" бағдарламасын іске асыру аясында полиция қызметкерлері республика бойынша 524 профилактикалық іс-шара өткізіп, граффити салудың 2 300-ден астам фактісі анықталды.


 Тексеру нәтижелері бойынша "Ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі мүлікті және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау" бабы бойынша 9 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, полиция халықпен профилактикалық жұмыс жүргізуде. Республика бойынша 1 200-ге жуық ақпараттық брошюра таратылып, азаматтармен 976 түсіндіру әңгімесі өткізілді. Граффитиді заңсыз салудың жолын кесу бойынша Ішкі істер министрлігінің жіті бақылауында.



Бөлісу