1 700-ДЕН АСТАМ ҚАРУ ТӘРКІЛЕНДІ
Жыл басынан бері елімізде полиция қызметкерлері қылмыстық мақсатта пайдаланылған 1 700-ден астам қаруды тәркіледі. Олардың қатарында 34 автомат, 458 тапанша, мыңнан астам мылтық, 3 гранатомет және 12 мыңға жуық оқ-дәрі бар.
ІІМ заңсыз қару-жарақты тәркілеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. 2022 жылғы қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қару-жарақты іздестіруге ерекше назар аударылуда. Жыл басынан бері осындай 152 қару бірлігі заңсыз айналымнан алынды. Тек қыркүйек айының өзінде тағы 9 қару тәркіленген. Сонымен қатар заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру жөніндегі республикалық акция жалғасуда. 20 сәуірден бері азаматтар 900-ден астам қару бірлігін және 6 мыңға жуық оқ-дәріні өз еркімен тапсырды.