Негізгі Жаңалықтар БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ

БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ

Апат айтып келмейді. Ал төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету – жоғары жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап етеді. Соның ішінде өрт сөндірушілердің қызметі аса қауіпті жұмыстардың санатына кіреді. Олар күн сайын адам өмірін қорғау жолында аянбай тер төгіп келеді.  

Құтқарушылар үшін әр секунд маңызды. Дабыл қағылғаннан кейін өрт сөндірушілер бөлімшеден бір минуттың ішінде шығып кетуі керек. Апат орын алған жерге шұғыл арада жетіп, өртті ауыздықтауы қажет. Бір өрт ғимарат ішінде тұтанса, екіншісі орман алқабында лап ете қалады. Кейде жалын желмен ұшқан ұшқын арқылы бірнеше шақырымға таралып, табиғаттың жойқын апатына айналады. Сын сағатта өрт сөндірушілер стратегия құрып, оттың таралу бағытын алдын ала болжап, әрекет етеді.

Ел тыныштығын қорғау жолында еңбек етіп жүрген өрт сөндірушілердің қызметі – жауапкершілігі жоғары кәсіп. Рақымжан Алтаев осы бір міндетті жылдар бойы абыроймен атқарып келеді. Қызмет барысында түрлі төтенше жағдайлардың алдын алып, мол тәжірибе жинақтаған маман талай жалынды ауыздықтаған.


РАҚЫМЖАН АЛТАЕВ, ӨРТ СӨНДІРУШІ
Біз өрт ішіне кірген кезде бірінші кезде адамды алып шығуымыз керек.Осы салада қызмет атқарғалы қаншама адамды өрт орнынан алып шықтық.Бұл салада еңбек етіп жүрген қызметкерлердің бәрін еңбек адамы деп атап өтсек болады.


Құтқарушылар табиғаттың қаһарына қарсы тұрып, адам өмірін, үйлер мен ормандарды сақтап қалу үшін басын қатерге тігеді. Сондықтан бейбіт күннің батырларына айналған өрт сөндірушілерге қалай құрмет көрсетсек те жарасады.

Бөлісу