ОҚУШЫЛАР ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҰЛЫҚТАДЫ
Ұлттық құндылық – ұлттың рухани тірегі. №2 кітапхана бөлімшесінде мектеп оқушылары арасында «Салт-дәстүріңді білесің бе?» атты зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. Білім бәйгесінде жасөспірімдер қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы туралы білімдерін сынға салды. Ұлттық мұраны дәріптеген шара жайлы тілшіміз тарқатады.
Ұлттық рухты нығайтуға бағытталған сайыста оқушылар белсенділік танытты. Олар салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Кітапхананың оқу залы ұлттық нақышта безендіріліп, қатысушылар қазақы үлгідегі киіммен келді.
АЛУА БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, ОҚУШЫ
Дәстүріңді білесің бе? атты зияткерлік сайыс мен үшін өте маңыздыдеп ойлаймын. Себебі дәстүр ғасырлар бойы келе жатқан асыл мұра. Мұндай сайысқа өзіміздің білімімзді шыңдаймыз. Кітап ол адамның ой өрісін дамытатын асыл мұра. Менің ойымша өз дәсүрін, өз құндылығын білген адамның рухы биік болады.
Сайыс барысында оқушылар қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы туралы ой бөлісті. Олар дәстүрдің тәрбиелік мәніне тоқталып, ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңызын айтты.
АЙЗЕРЕ БОЛАТ, ОҚУШЫ
Дәстүрге шілдехана, бесік той және беташар әр түрлі осындай қазақи дәстүрлеріміз жатады. Мысалы бесіктойға баланың алғаш бесіккежатуы кіреді. Және детағыда тұсакесербар. Онда балалар алғаш қадам басқан кезде баланың тұсауын кесеміз. Сонда бала жақсы жүреді, аяғыда жақсы болады деген секілді.
Қатысушылар екі топқа бөлініп, «Салтты тап», «Білгенге маржан», «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңдерінде бақ сынады. Сондай-ақ «Сүйінші сұрау» мен «Бата беру» дәстүрлерін сахналық көрініс арқылы көрсетіп, олардың мән-маңызын түсіндірді.
ЛАУРА ТӘЖІБАЕВА, БИБЛИОГРАФ
Бұл іс-шараның басты мақсаты өскелең ұрпаққа ұмыт болыпбара жатқан салт-дәстүрді барынша насихаттау және кеңінен тарату болып табылады. Бұл жердеинтеллектуалды ойын болғандықтан қазір осы оқырмандарымыздың сайысын көптеген сайыс арқылы өздерінің білімдерін сынай түседі.
Зияткерлік сайыс жас ұрпақтың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттырып, салт-дәстүрдің тәрбиелік құндылығын кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді. Шара соңында белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.