ТАРИФТЕРГЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ
Шымкентте табиғи монополия субъектілерінің тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларына бақылау күшейтілді. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған бірқатар жоба қолға алынбақ. Бұл туралы брифингте Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Кенжеболат Кошекбаев мәлімдеді.
Биыл департаментке табиғи монополия субъектілерінен 82 есеп түскен. Оның 72-сі тарифтік сметалардың, ал 10-ы инвестициялық бағдарламалардың орындалуына қатысты. Талдау нәтижесінде тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған бірқатар шара қабылданған.
КЕНЖЕБОЛАТ КОШЕКБАЕВ, ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Тарифтік сметаларды орандау қорытындылары бойынша жалпы сомасы 290 миллиард теңгеге уақытша өтемдік тарифтер бекітілген. Бұл – табиғи монополия субъектілері негізсіз алған қаражатты тұтынушыларға қайтару тетіктерінің бірі.
Алдағы үш жылда коммуналдық желілерді жаңғырту жұмыстары жалғасады. Жоспарға сәйкес, 2026-2029 жылдары жылу желілеріне 5,8 млрд теңге, ал сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне 12,5 млрд теңге инвестиция салу көзделген. Нәтижесінде инженерлік желілердің тозу деңгейін төмендету жоспарланып отыр.
КЕНЖЕБОЛАТ КОШЕКБАЕВ, ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Афтоматтандыру және цифрландыру бойынша 5.6 млрд есептеу құралдарын орнатуға 5,6 млрд қарастырылған.
Бұдан бөлек, департамент табиғи монополия субъектілерінің заң талаптарын сақтауына тұрақты бақылау жүргізіп келеді. Жыл басынан бері 436 әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалған. Оның басым бөлігі техникалық шарттарды уақытылы әрі тиісті деңгейде бермеу деректеріне қатысты.