Негізгі Жаңалықтар ЖЕҢІМПАЗДЫ ҚАРСЫ АЛДЫ

ЖЕҢІМПАЗДЫ ҚАРСЫ АЛДЫ

Шымкенттік жас маман әлемдік додада ел мерейін үстем етті. Қытайдың Шанхай қаласында өткен WorldSkills Shanghai 2026 чемпионатында Нодирбек Рустамханов жоғары нәтиже көрсетіп, кәсіби шеберлігі үшін медаль иеленді. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен шымкенттік түлек туған жерге жеңіспен оралды.


Нодирбек Рустамханов «Сантехника және жылыту» құзыреттілігі бойынша бақ сынады. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас мамандармен бәсекеге түсіп, өз шеберлігін дәлелдеді. Бұл – аталған құзырет бойынша Қазақстан үшін тарихи жетістік.


НОДИРБЕК РУСТАМХАНОВ, WORLDSKILLS SHANGHAI 2026 ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
Жүлделі орын алып келдім. Қазақстан намысын қорғадым. Келесі жылы да көк туымызды желбіретуге барымды саламын.


Әлем чемпионатында Қазақстан атынан 31 құзыреттілік бойынша 33 студент қатысты. Солардың қатарындағы Нодирбектің жетістігі жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, кәсіби білім беру саласының әлеуетін көрсетті.


МАРС ЕЛЕКЕЕВ, SHYMKENT АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Қазақстан Республикасы бұл WorldSkills қозғалысына мүше болып келеді. 2015 жылдан бері аталған сантехникалық және жылу оқыту бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы ешқандай медаль осылайсыз бойынша көрсеткішке жетпеген еді. Шымкент қаласының тарихында және Қазақстан Республикасының тарихында біздің осы студентіміз, түлегіміз осы құзырет бойынша әлемде 32 мемлекеттің арасында болған сайыста өздігін атанып, осы аталған медальді иеленіп, қазір қайтып келіп жатыр.


Жеңімпазды қарсы алу салтанатты шараға ұласты. Ұстаздары мен студенттер жас маманның жетістігін ерекше ықыласпен қарсы алып, құрмет білдірді.


ҒАЛИЯ ДӘУЛЕТОВА, КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АҚ ПРЕЗИДЕНТІ
 Қазақстан құрамасы әлемдік додада сегіз марапатқа қол жеткізді. Оның ішінде бір қола медаль, жеті «Кәсіби шеберлік» және бір «Ұлттық үздік» медалі бар. Өздеріңіз білетіндей, 2025 жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Осы бағытта бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, кәсіби-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөлінді. Бұл жұмыстар бүгінде де жалғасып жатыр.


WorldSkills әлем чемпионатының 48-кезеңі Қытайдың Шанхай қаласында ұйымдастырылды. Әлемнің 32 елінен келген қатысушылар кәсіби шеберліктерін сынға салды. Ал шымкенттік жас маманның жетістігі халықаралық аренада Қазақстанның абыройын тағы бір мәрте асқақтатты.



Бөлісу