ЖАРАМСЫЗ АВТОБУС АЯЛДАМАҒА АЙНАЛДЫ
Жарамсыз автобус қоғамдық көлік бекетіне айналды. Түркістанда істен шыққан автобус қаңқасы қайта өңделіп, ерекше аялдамаға айналды.
Аялдама Түркістан–Қызылорда бағыты бойына орнатылған. Ерекше нысанды қызықтап, арнайы келіп суретке түсетіндер көп. Тұрғындардың айтуынша, тың идея туристердің де назарын аудармақ. Бұған дейін қала көшелерінде жолаушылар тасымалдаған автобус енді жолаушыларды аялдамада күтіп алатын орын ретінде қызмет етіп тұр.