Негізгі Жаңалықтар ЕЛДЕ ГАЗДАНДЫРУ ДЕҢГЕЙІ 64,2 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

ЕЛДЕ ГАЗДАНДЫРУ ДЕҢГЕЙІ 64,2 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

Елде халықты табиғи газбен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Соңғы алты жылда елдегі газдандыру деңгейі 51 пайыздан 64,2 пайызға дейін өскен. Бұл аралықта 4 миллионға жуық тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді.


Бүгінде табиғи газды пайдаланатын қазақстандықтардың саны 13,1 миллионға жетті. Өткен жылдар ішінде мыңнан астам өңірге табиғи отын жеткізіліп, 20 мың шақырымға жуық газ тарату желісі салынды. Бұл жұмыстар шалғай елді мекендерді де қамтыды. Ал биыл ел бойынша 40 жоба жүзеге асырылмақ. Жоспарланған жұмыстар жүзеге асса, жыл соңына дейін 36 мың тұрғын көгілдір отынға қосылады.

Бөлісу