Негізгі Жаңалықтар АЛКОГОЛЬГЕ ТӘУЕЛДІЛІК – ҚОҒАМ НАЗАРЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕ

АЛКОГОЛЬГЕ ТӘУЕЛДІЛІК – ҚОҒАМ НАЗАРЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕ

Алкогольге тәуелділік – бүгінгі қоғамда өзектілігін жоғалтпаған мәселелердің бірі. Бұл дерттің зардабы адамның әлеуметтік ортасы мен өмір салтына да кері әсер етеді. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары ішімдікке әуестік жастар арасында да белең алып келеді.


Алкоголь – адамның орталық жүйке жүйесіне әсер ететін психоактивті зат. Әсіресе ағзасы мен миы әлі толық қалыптасып үлгермеген жасөспірімдер үшін оның зияны жоғары. Ерте жастан алкоголь тұтыну адамның психологиялық әрі физиологиялық дамуына кері әсер етіп, уақыт өте келе тәуелділікке әкелуі мүмкін. Дерекке сүйенсек, бүгінде психикалық денсаулық орталықтарына 15 пен 20 жас аралығындағы жастар да жүгініп жүр. Дәрігерлер алкогольге тәуелділіктің алғашқы белгілері байқалған жағдайда мәселені жасырмай, дер кезінде маман көмегіне жүгінуге шақырады.

Бөлісу