ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙДІ
Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың жұмысы тоқтатылды. Тінту кезінде 1,5 тонна мен 480 келі сұйық мефедрон прекурсор тәркіленді. Бұл мәселе өңірлік ведомствоаралық штабтың отырысында талқыланды.
Жалпы жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымға қатысты 294 дерек тіркелген. Осыған дейін есірткі саудасы интернет арқылы да жүргізіліп келген. Қазір әлеуметтік желіде мониторинг күшейтілді. Биыл синтетикалық есірткіні жарнамалаған 1042 сайт бұғатталған. Көшелердегі есірткі жарнамасына да тосқауыл қойылды. Елде дәрі-дәрмектің заңсыз сатылуына да бақылау күшейтілді. Биылғы жылдың сегіз айында дәріханалардағы заңбұзушылық бойынша 20 әкімшілік хаттама толтырылып, 4 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілген. Ал жиында облыс әкімі жауапты органдарға жұмысты күшейтуді тапсырды.