Негізгі Жаңалықтар ПАТРИОТИЗМ – ЕЛ ЕРТЕҢІНІҢ НЕГІЗІ

ПАТРИОТИЗМ – ЕЛ ЕРТЕҢІНІҢ НЕГІЗІ

Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиет қалыптастырудың маңызы артып отыр. Патриотизм – елге деген сүйіспеншілікпен қатар, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуден көрінеді.



Қазақстанда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Бұл ретте білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы қолға алынды. Жоба саналы, еңбекқор әрі елжанды азамат қалыптастыруды көздейді. Білім ошақтарында оқушыларды жауапкершілік пен еңбекқорлыққа баулитын бастамалар да қолға алынды. Сонымен қатар, ұлттық тарих пен мәдениетті дәріптеу жолында түрлі жобалар жүзеге асып жатыр. Жастардың бойына осындай құндылықтарды сіңіру – елдің бірлігі мен тұрақты дамуының негізі. Ал патриот ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен қоғамның ортақ міндеті.

Бөлісу