Негізгі Жаңалықтар «ҚҰСТАР ФЕСТИВАЛІ» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ

«ҚҰСТАР ФЕСТИВАЛІ» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ

«ҚҰСТАР ФЕСТИВАЛІ» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ

Шымкент қалалық жастар театры үшінші маусымының шымылдығын «Құстар фестивалі» қойылымымен ашты. Жақсылық пен жамандықты қатар көрсеткен спектакль көрерменді адами қасиеттерге баулиды. Ақ пен қараның аражігін ажыратуға үндейді. Бұл туралы толығырақ әріптесім тарқатады.

Құстар фестивалі. Қалың көрерменге осындай атаумен жол тартқан қойылымның мән-маңызы айрықша. Мұнда түрлі жаратылыс иелері дау-дамайға түсіп, әлеуметтік мәселені астарлы түрде жеткізеді. Қоғамдағы түйткілдерді қаузап, көркем тілмен бейнелейді. Режиссердің айтуынша, қойылым өскелең ұрпақты адамгершілікке тәрбиелейді.

ЖҰЛДЫЗБЕК ЖҰМАНБАЙ, РЕЖИССЕР
Құстар фестивалі болғаннан кейін бұл жерде құстардың өзара айтысы болады.Осы заманда айтылып жүрген әндерге пародия ретінде де дүниелер бар.Төрт қабырғаны бұзып, халықпен импорвизацияға баратын тұстары бар.

 Сахнада бүркіт, торы, сауысқан, тауыс, әтеш және қарға сынды құстар адамзаттың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мінез-құлқын суреттейді. Әртістер өтірік пен қулық-сұмдықты, әлсіздерге жасалатын әлімжеттікті шебер көрсетеді.

НҰРЖАН ЖҰМАБАЙ, ТЕАТР АКТЕРІ
Бүркіт құстардың патшасы ғой.Осы құстар фестивалін ұйымдастыруға салған, фестивальдің шығуына себеп болған кейіпкер бұл.Кейіпкердің конфликті арқылы спектакль таралады ары қарай.

Қарымды қаламгер Дулат Исабековтің туындысы желісінде өткен бұл спектакльдің көрерменге берері көп. Себебі, қойылымда көтерілетін тақырыптар бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпаған.

Бөлісу