Негізгі Жаңалықтар ОНЛАЙН НЕСИЕ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ

ОНЛАЙН НЕСИЕ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ

ОНЛАЙН НЕСИЕ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ

1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу кезінде банктер клиенттерге қосымша сұрақтар қояды. Азаматтың қарызды өз еркімен алып отырғаны мен несие рәсімдеуге үшінші тұлғаның қатысы жоқ екені арнайы сауалнама арқылы нақтыланады.


Сонымен қатар банк өтініш берушінің несие шарттарымен толық танысқанына назар аударады. Атап айтқанда, пайыздық мөлшерлеме мен қарызды өтеу мерзімі туралы ақпаратты түсінгені тексеріледі. Егер қаржы ұйымы несие рәсімдеу барысында интернет-алаяқтық белгілерін байқаса, жағдайдың мән-жайын қосымша анықтауға міндетті. Жаңа талаптар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысына сәйкес енгізіліп отыр. Ал құжаттағы жекелеген нормалар 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

Бөлісу