Негізгі Жаңалықтар МӘСЛИХАТ ОТЫРЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

МӘСЛИХАТ ОТЫРЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

МӘСЛИХАТ ОТЫРЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында өңірдің әлеуметтік және қоғамдық дамуына қатысты бес мәселе қаралды. Жиынға облыс әкімі мен жауапты мемлекеттік орган өкілдері қатысты.


 Басқосуда өңірдің тыныс-тіршілігіне қатысты бірнеше мәселе сөз болды. Білім сапасы жөніндегі өңірлік кеңестің құрамы бекітіліп, әлеуметтік маңызы бар салаға өзгерістер енгізу ұсынылды. Елді мекендердің көркін жақсарту мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Депутаттар жасыл желектерді отырғызу мен күтіп-баптау тәртібін жетілдіруді қарады. Қалалар мен ауылдардың аумағын абаттандыру қағидаларына да бірқатар өзгеріс енгізу ұсынылды. Сессия барысында облыс әкімі өңір экономикасын дамытуға бағытталған жұмыстарға да тоқталды. Қазір облыста бірқатар ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Жиын соңында депутаттар өңірдің даму қарқынына қатысты пікірлерін білдіріп, атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Біздің бағыт – айқын. Ол – өндіріс орындарын көбейту, инвестиция тарту, өзіндік кірісті арттыру.  Күні кеше Сауран ауданында ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарын өндіретін заманау зауыттың іргетасын қаладық. Өңірімізде одан өзге де инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Облысымызда халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өтті. Түркістанның прайм эрасы басталды деуге болады. Бұл игі бастамаларға сіздердің де қосқан үлестеріңіз мол.

Бөлісу