«ТҮРКІСТАН» ЕКІ ТОМДЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Түркістанның тарихы мен мәдениеті, рухани мұрасы мен өркениеттік маңызы жаңа екі томдық энциклопедияда кеңінен қамтылды. 880 беттен тұратын басылымға 3 мыңнан астам мақала енгізіліп, 4 мыңға жуық тарихи атау мен ұғым қайта зерделенген. Жобаны белгілі академик, мемлекет және қоғам қайраткері Дархан Қыдырәлі басқарған.
Астанадағы «Ғылым» баспасы әзірлеген энциклопедия Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жарыққа шықты. Еңбекте Түркістан ұғымы қазіргі қала мен облыс шеңберінде ғана емес, тарихи-мәдени әрі өркениеттік кеңістік тұрғысынан кеңінен қарастырылған.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Тарихқа көз жүгіртсек, «Түркістан» энциклопедиясы алғаш рет академик Әбдімәлік Нысанбаевтың бас редакторлығымен жарық көрген болатын. Одан бері ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Осы кезеңде қала адам танымастай өзгерді. Облыс пен қала тарихына қатысты көптеген жаңа деректер ғылыми айналымға енді, жаңа зерттеулер жүргізілді. Тарихи мұраға деген көзқарас та жаңарды. Осыған байланысты киелі өлкенің тарихын жаңа деректермен толықтырып, энциклопедияны қайта әзірлеу қажеттілігі туындады.
Энциклопедияны әзірлеу жұмыстары 2021-2025 жылдары жүргізілді. Жобаға 300-ден астам ғалым атсалысып, төрт мыңнан астам атау мен ұғым қайта қаралған.
ТҰРДЫҚҰЛ ШАҢБАЙ, ӘДЕБИЕТТАНУШЫ, ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ
Энциклопедия ғылым жасамайды. Энциклопедия ғылымның нәтижесінде. Міне сондықтан бұл жерде айтылып жатқан нәрсе сол соңғы аялдама сияқты осы бүгінгі күнге. Бірақ бұл еуразия кеңістігінде, Түрік дүниясында мұның байтақтығы мазмұны кеңдігі таралымдық тереңдігі жағынан ауқымы жағынан феномендік құбылыста. Жалпы Түркістандықтар сіздерді осындй үлкен іргелі дүниені алғашқы әкелулеріңізбен құттықтаймын.
Екі томдық еңбек тарихи деректермен ғана шектелмейді. Басылымды түрлі-түсті фотосуреттер, тарихи және географиялық карталар, тұлғалардың портреттері, миниатюралар, археологиялық және сәулет ескерткіштерінің суреттері толықтырады.
ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, АКАДЕМИК
Энцоклопедияға 4 мыңнан астам ақала енгізілді. Оның шінде Түркі әлемінің антропологиялық, архиологиялық архивтік деректері толық қамтылды. Сонымен қатар тарихи-мәдени қабаттары сонымен қатар тұлғалар түркі әлемінің, біздің ортақ құндылықтарымымыз, сонымен қатар саясат экономика мәселелер. Жалпы Түркі әлеміне Түркістан өңіріне қатысты барлық мәліметтерді қамтуға тырыстық.
«Түркістан» энциклопедиясының алғашқы нұсқасы 1998 жылы бір том болып жарық көрген. Содан бері өткен 28 жылда өңірдің тарихы мен қоғамдық өмірінде елеулі өзгерістер болды. Түркістан облысының құрылуы, қаланың облыс орталығы мәртебесін алуы секілді тарихи жаңалықтар жаңа басылымнан көрініс тапқан.