Негізгі Жаңалықтар ӘУЕЖАЙҒА МАС БОЛЫП БАРҒАНДАР ҚАМАЛДЫ

ӘУЕЖАЙҒА МАС БОЛЫП БАРҒАНДАР ҚАМАЛДЫ

ӘУЕЖАЙҒА МАС БОЛЫП БАРҒАНДАР ҚАМАЛДЫ

Шымкент әуежайында мас күйде қоғамдық тәртіпті бұзған екі жолаушы 5 тәулікке қамалды. Олар Астанаға ұшатын рейске кешігіп, әуежай ғимаратында жанжал шығарған.

Әуе компаниясының өкілдері тиісті акт толтырып, болған жағдай туралы көлік полицейлеріне хабарлаған. Жолаушылар рейстен шеттетіліп, полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында 28 және 32 жастағы азаматтардың ұшаққа отырғызу уақытына кешіккені әрі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Рейске үлгермегеніне наразылық білдіріп, дауыс көтерген. Балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сот шешімімен олардың әрқайсысы 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Бөлісу