Негізгі Жаңалықтар ШЫМКЕНТТЕГІ КЕПТЕЛІС АЗАЯДЫ

ШЫМКЕНТТЕГІ КЕПТЕЛІС АЗАЯДЫ

ШЫМКЕНТТЕГІ КЕПТЕЛІС АЗАЯДЫ

Енді Шымкент көшелеріндегі көлік кептелісі азаюы мүмкін. Басқа қалалардан келетін транзиттік көліктер шаһарды айналып өтіп, қала ішіндегі көлік жүктемесі төмендейді. Ғабит Сыздықбеков жол құрылысының барысын бақылап, капсула салу рәсіміне қатысты. Жаңа жол қашан қолданысқа беріледі? Қанат Жолдасбек біліп қайтты.


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
«Шымкент қаласын айналып өтетін, ұзындығы 50 шақырым болатын бұл транзиттік автожол іске қосылса, үшінші мегаполистегі көлік кептелісі біршама азаяды. Қалаға транзиттік көліктердің кіруіне шектеу қойылады. Бүгін жобаның капсула салу рәсімі өтті. Жолды алдағы екі жылда қолданысқа беру жоспарланып отыр.»

МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРЕДІ
Шымкентте әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды. Қаланың бірнеше аумағында тұрғындарға қажетті медициналық ғимараттар салынады.

 ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
«Шымсити» шағын ауданында 500 науқасқа арналған заманауи емхана бой көтереді. Медициналық нысан осы аумақтағы 30 мың тұрғынға қызмет көрсетпек. Сонымен қатар екі аурухананың базасында қосымша төрт қабатты корпус салынады. Құрылыс жұмыстары басталуға жақын. Бүгін мұнда да капсула салу рәсімі өтті. Арнайы техникалар құрылысқа дайын тұр.»

№2 аурухана базасына қосымша 80 төсек-орындық ғимарат бой көтереді. Қажеттіліктен туындаған нысанды келесі жылы аяқтау жоспарланған. Жаңа корпуста нейрохирургия мен кардиореанимация бағыттарын дамыту көзделген. Осылайша инсульт, инфаркт және жіті коронарлық синдромға шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсету мүмкіндігі артады.

ОЛЖАС ТАДЖИБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
 – «Құрылыс-монтаж жұмыстарына 10 ай қажет. Жалпы құрылысты аяқтауға 16 ай қажет.»  «Қосымша ғимаратымыз ауқымды. Қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылады.»

Қала әкімі мердігерлерге сәттілік тілеп, құрылыстың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы маңызды екенін атап өтті. Жаңа медициналық нысандар тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік бермек.


Бөлісу