СПОРТ – ҚҰҚЫҚ БҰЗУҒА ТОСҚАУ
Прокурорлар жасөспірімдерді спортқа шақырады. Абай ауданында оқушылар арасында спорттық турнир ұйымдастырылды. Аудан прокуратурасының бастамасымен өткен жарыс жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды.
Турнирге аудан мектептерінен іріктелген 20 команда қатысты. Құрамында спортқа бейімі бар шебер ойыншылар жиналған командалар алаңда өзара бақ сынасты. Жалпы жарысқа 100-ге жуық жасөспірім қатысты.
ӘСЕМ ОМАРБЕКҚЫЗЫ, АБАЙ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ
Бүгінгі шара Абай ауданы прокуратурасымен ұйымдастырылды. Негізгі мақсатымыз – жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, оларды қылмыс пен заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақыру. Сонымен қатар оқушыларға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Жарыс барысында жасөспірімдерге құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған жадынамалар таратылды. Екі тілде әзірленген материалдарда құқық бұзушылықтың түрлері мен оның заң алдындағы салдары түсіндірілген.
ШЫҢҒЫС ҚОЖАХМЕТОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Біз 53-54 мектептің атынан қатысып жатырмыз. Ұйымдастырушыларға рақмет.
Қазір Абай ауданында 39 мектеп бар. Соның 20-сынан оқушылар турнирге қатысты. Жарыс қорытындысында үздік командалар аудан прокурорының кубогі мен арнайы сыйлықтарға ие болады. Ал жүлдеге іліге алмаған қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары табысталады.