Негізгі Жаңалықтар АСТЫҚ ЭКСПОРТЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

АСТЫҚ ЭКСПОРТЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Қазақстан астық экспортын арттырды . Екі жылдың қорытындысы бойынша еліміз бұл көрсеткішті 15,5 миллион тоннаға жеткізді.


 Сыртқы нарықтағы сұраныс та көбейді. Бүгінде отандық астық Орталық Азия, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Еуропа елдеріне жөнелтіледі. Елдегі экспорт көлемінің өсімі биыл да байқалады. Осы жылы шетелге 852 мың тонна астық тасымалданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға жоғары. Оның ішінде астық жеткізілімі 10 пайызға өсіп, 674 мың тоннаға жетті. Ал мамандар бұл көрсеткішті негізгі экспорттық бағыттарға жөнелтілетін өнім көлемінің артуымен байланыстырады.

Бөлісу