Негізгі Жаңалықтар ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Білім мен ғылымның дамуына үлес қосып жүрген жоғары білім саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. 1 қазан – Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру қызметкерлері күніне орай Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиында сала мамандары марапатталып, еңбегі еленді.


 Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті бүгінде заманауи білім беру бағыттарын дамытып келеді. Оқу орнында ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектке қатысты білім бағдарламалары жаңғыртылуда. Биыл университетке 3 мыңнан астам студент қабылданған. Білім сапасын арттыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және заман талабына сай мамандар даярлау – оқу орнының негізгі бағыттарының бірі.


РАБИҒА ҚУАТБЕКОВА, АКАДЕМИК Ә. ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ
 Біздің басты құндылығымыз – білімді ұрпақ, басты күшіміз – бірлігі жарасқан ұжым. Басты мақсатымыз – сапалы білім беру. Биыл біздің университетке 30 жыл болады.


 Ұстаз еңбегі – ел болашағына салынған маңызды инвестиция. Жоғары білім саласында еңбек ететін әр маманның жауапкершілігі де жоғары. Мерекелік шарада бірқатар қызметкер марапатталып, олардың кәсіби жетістіктері мен оқу орнының дамуына қосқан үлесі атап өтілді. Арнайы келген қонақтар да ақжарма тілектерін жеткізді.


 АЛЬБИНА ЕЛШИЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
 Жастар көп шоғырланған, қарқынды дамып келе жатқан қалада көптеген жаңа мамандықтар ашылып жатыр. Осы білім ордасы да талай талантты тәрбиелеп келеді.


Айта кетейік, 1 қазан Қазақстанда Жоғары білім беру қызметкерлерінің күні ретінде кәсіби мерекелер қатарына енгізілген. Бұл күн – сала мамандарының еңбегін бағалап, білім мен ғылымды дамытуға бағытталған ортақ міндеттерді айқындайтын маңызды дата.


Бөлісу