Негізгі Жаңалықтар ШЕТЕЛДЕН КӨЛІК ӘКЕЛУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ

ШЕТЕЛДЕН КӨЛІК ӘКЕЛУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ

Қазақстандықтар үшін шетелден автокөлік әкелу тәртібі өзгерді. 26 қыркүйектен бастап шығарылғанына бес жылдан асқан көліктерге электрондық паспорт берілмейді.


 Егер мұндай автомобиль Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен жеткізілсе, оның электрондық паспортында «аяқталмаған» деген мәртебе көрсетіледі. Себебі, бұл жүйе көлікті Қазақстанда мемлекеттік есепке қоюға кедергі болады. Тағы бір өзгеріс – жеке тұлғалар енді жылына бір ғана автокөлікті елге кіргізе алады. Бұдан бөлек, салмағы 3,5 тоннаға дейінгі тіркемені әкелуге рұқсат етіледі. Жаңа талаптар шетелден көлік сатып алып, елге жеткізуді жоспарлаған азаматтарға қатысты. Сондықтан сапар алдында автомобильдің шығарылған жылын әрі оны рәсімдеу талаптарын алдын ала тексерген жөн.


Бөлісу