ҚАРИЯЛАР СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАДЫ
Халықаралық қарттар күніне орай «Белсенді ұзақ өмір орталығында» турнир ұйымдастырылды. «Әділет» партиясы ұйымдастырған мерекелік жиында ардагерлер түрлі спорт түрлері бойынша сынға түсті.
Тұран аудандық партия филиалы мұрындық болған бәсекеге 30-ға жуық зейнеткер қатысып, өзара бақ сынады. Жарыс ұрпақтар арасындағы алтын көпірді нығайтып, аға буын тәжірибесін кейінгіге өнеге етуді көздейді. Ардагерлер бұл күні бильярд, үстел теннисі, дойбы және шахмат сынды спорт түрлерінен шеберлік байқасты. Қариялар бір-бірімен емен-жарқын дидарласып, тәжірибе бөлісті.
САТЫБАЛДЫ ӘДІЛБЕКҰЛЫ, ТҰРАН АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Тұран ауданында екі орталық бар.Ол жерде біздің ардагерлер ем алады, дем алады.Түрлі іс-шараларға, осындай спорттық жарыстарға қатысады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің түпкі мақсаты сайыс жеңімпаздарын анықтаумен шектелмейді. Жарыс қарияларды салауатты өмір салтына баулуды мақсат етеді.
ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біз осы қариялар арасында осындай іс-шара ұйымдастырдық.Барлық демеушілер есебінен қаржылай сыйлықтар мен алғыс хатымыз бар.Бүгінгі қарттар күніне орай арнайы ұйымдастырып жатырмыз.Бұл жыл бойы жалғасын табады.
Турнир қорытындысы бойынша әр спорт түрінен озық шыққан қатысушылар анықталып, жеңімпаздарға марапат табысталды. Ал ардагерлер ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.