ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ – МАҢЫЗДЫ
Тәуелділік – жастар арасында өзекті мәселелердің бірі. М.Тынышпаев атындағы Шымкент ALT көлік колледжінде зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Жастар саясаты басқармасы ұйымдастырған жиында нашақорлық, лудомания және басқа да тәуелділіктердің алдын алу жолдары түсіндірілді.
Жиында нашақорлыққа, лудоманияға және басқа да зиянды әрекеттерге жол бермеу мәселесі қозғалды. Мамандар жастарға психологиялық тұрақтылықты сақтау, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде кеңес берді.
САБИРА БАЙЗАҚОВА, «ШАҢЫРАҚ» ҚБ БАСШЫСЫ
Қазіргі жатар өте эмоциямен, психологиялық әлсіз деп айтуға болады. Көп нәрсені ақылмен емес, сезіммен қабылдап, осындай жағдайға ұшырап жатады. Бұның барлығы енді қоғамдағы болып жатқан мәселелердің бір қайсапы — ата-ана мен баланың байланысының аздығы, оны түздеугі тәрбиесіне қарамауы деп айтуға болады. Осындай жағдай болған кезде өзің қалай ұстау керек және заң жастарды қалап қорғайды. Осының барлығын бүгін біз іс-шара арқылы түсіндіре алдық деген ойдамын.
Жалпы, Шымкентте жастар арасында зиянды әрекеттердің алдын алуға бағытталған түсіндіру кездесулері тұрақты ұйымдастырылып келеді. Оның ішінде ойынқұмарлық, нашақорлық және суицидтің алдын алу мәселелеріне де басымдық берілген.
ЖҰБАНЫШ ТАЛҒАТҰЛЫ, СТУДЕНТ
Наркотик дейдіғой карп сондай заттарға тәуелділер көп. Мен оған қарсымын. Достарыма да айтарым сол зиянды заттан аулақ болыңыздар.
Кездесуде «SAU REHAB» оңалту орталығының мамандары да түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Рахымжан Бекеннің айтуынша, лудомания мәселесімен орталыққа жүгінетін азаматтардың арасында жастардың үлесі жоғары.