Негізгі Жаңалықтар «МИСС ШЫМКЕНТ» ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

«МИСС ШЫМКЕНТ» ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

Мегаполис сұлуы анықталды. Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Мисс Шымкент» байқауына биыл 115 ару қатысқан. Оның 15-і финалдық сынға жолдама алып, көрермен көзайымына айналды.

«Мисс Шымкент» байқауының іріктеу кезеңіне биыл 115 ару қатысқан. Үздік шыққан 15 бойжеткен ақтық сынға жолдама алды. Ал финал жеңімпазы «Қазақстан аруы» байқауына қатысады.

АЙЖАМАЛ ӘБІЛДАЕВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
– «Басты талап – үміткердің бойы 168 сантиметрден жоғары, жасы 18-25 аралығында болуы және тұрмыс құрмаған Қазақстан азаматы болуы керек».

19 жастағы Алина Кешубаева болашақ психолог. Кітап оқып, жылқы баптағанды ұнатады. Сұлулық байқауына алғаш рет қатысып отыр. Сөзінше, тән мен жан үндесіп, ақыл мен көрік бір арнада тоғысуы қажет. Сонда ғана бойжеткен «сұлу» атағына лайық болмақ.

АЛИНА КЕШУБАЕВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
– «Мисс Шымкент болуы үшін тәжге лайық болу керек. Еңсең тік, қадамың нық болғаны жөн».

 Байқау қорытындысы бойынша «Мисс Шымкент» атағын 19 жастағы Мадина Абдумажитқызы иеленді. Енді ол республикалық кезеңде бақ сынайды.


Бөлісу