ҰЛТТЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Түркістанда «Адамға инвестиция: адами капиталды дамыту жолындағы қайырымдылық» тақырыбында конференция өтті. «Конгресс-холл» кешенінде ұйымдастырылған жиында қайырымдылық саласындағы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, жаңа жобалар таныстырылды.
Түркістан облысында атқарылған жұмыстардың ауқымы аз емес. 2022 жылдан бері өңірде «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 25 жоба жүзеге асты. Игі іске 20 млрд 375 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Ал қаржының басым бөлігі білім беру мен денсаулық сақтау салаларына жұмсалды. Басқосуда «Жасампаз ұрпақ», «QH Мәдени даму алаңы», «Ауыл мектебі» сынды жобалардың интерактивті таныстырылымы өтті.Өңірдің сан түрлі саласын дамытуға арналған бағдарламалар да назардан тыс қалған жоқ.
ЕРІК ҚАЛДЫБЕКҰЛЫ, ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ДӘРІГЕР-НЕЙРОХИРУРГ
Қазақстан Халқына қоры арнайы медициналық кешен табысталды.Ол арнайы жабдықталған автомобильде орнатылған КТ кешені.Ол әр түрлі шалғай елді-мекендерге барып, тексеріс жүргізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда қор қолдауымен 16 ауыл мектебі заманауи жабдықтармен қамтылды. 3 мыңнан астам оқушының жазғы демалысы ұйымдастырылды. 21 спорт мектебінің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, шалғай елді мекендерде 2 спорт кешені салынды.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қор алғашқы күннен бастап шынайы қамқорлық пен жанашырлықтың белгісіне айнала білді.Қолдау ең алдымен халықтың денсаулығын, салауатты өмір салты мен әлеуметтік қызметке қолжетімділігін арттырды.
Енді Жетісай, Мақтаарал, Келес және Сарыағаш аудандарында төрт даму орталығы ашылмақ. Конференция соңында қордың Қамқоршылық кеңесінің көшпелі отырысы өтіп, өңірлердегі әлеуметтік жобалардың жүзеге асу барысы талқыланды.