Негізгі Жаңалықтар БИЫЛ 14 ҚҰРЫЛЫС СҮРІЛГЕН

БИЫЛ 14 ҚҰРЫЛЫС СҮРІЛГЕН

Жыл басынан бері Шымкентте 14 нысан заңсыз деп танылып, сүрілген. Кейбірінің құжаттары заң талаптарына сәйкес келмесе, енді бірі тиісті аумақтан тыс жерге салынған.

Заң бұзғандарға айыппұл салынып, тиісті шара қолданылды. Бұл туралы баспасөз отырысында Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Берік Дүйсенов баяндады. Айтуынша, биыл құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға 230 өтінім келіп түскен. Оның 25-іне тиісті лицензия берілген.

Бөлісу