Ұлттық қордан алынатын қаражат ондағы түсімдерден асып кеткен. Бұл жайлы Мәжілісте өткен республикалық бюджетті нақтылау кезінде айтылды. Үкімет Ұлттық қор активтерін 100 млрд долларға ұлғайтуды жоспарлап отыр. Десе де, депутаттар қазіргі экономикалық көрсеткішпен мұны іске асыру қиын деп есептейді. Мәжіліс отырысынан Айя Мүтәлі тарқатады.

Олжас Бектенов бастаған Үкімет мүшелері алдағы жылғы бюджетті нақтылау үшін Мәжіліске түгел жиналды. Министрлер әуелі салаға бөлінген қаржының әр тиыны қайда жұмсалғаны туралы есеп берді. Экономикалық көрсеткіштерге тоқталды. Ұлттық банк төрағасының сөзінше, бүгінде Ұлттық қордан алынатын қаржы ондағы түсімнен де асып кеткен. Биыл бұл сома – 5,6 трлн теңгеге жетті.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТӨРАҒАСЫ

Бұл әлеуметтік өсіммен қоса, валюта нарығына қысым көрсетеді, яғни валюта бағамын бұрмалайды. Сонымен қатар отандық бизнеске кедергі келтіреді, экономиканың «голландтық ауруға» шалдығуына әкеп тіреуі мүмкін.

Соған қарамастан, Үкімет қор қаражатын 2030 жылға қарай 100 млрд долларға ұлғайтуды көздеп отыр. Қазір актив көлемі 62 млрд доллар. Десе де, депутаттар бұл жоспарға сенбеді. Себебі, 2028 жылға қарай еліміздегі тау-кен, мұнай өндірісі азайып, бюджет кірісі керісінше төмендейді деген болжам бар.

НҰРТАЙ САБИЛЬЯНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Бұл жақсы емес. Өйткені, өсім болмайды. Бюджетте тапшылық болады.+Оған талдау жасалды ма? Қандай шаралар қабылданады осыған байланысты?

Жауапты министр мұнайға тәуелділіктен арылу үшін қазірден бастап өнеркәсіпке ден қойдық деп отыр. Келесі жылы кемі 17 ірі жобаны іске асырмақ.

НҰРЛАН БАЙБАЗАРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

- мұндай енді біз ештеңе істей алмаймыз. Ол табиғатқа байланысты шығатын. Ал бұл жерде біздің резерміз өңдеу өнеркәсібі. Осы салаға баса көңіл бөлеміз.

Үкімет 2025 жылы ауыл-аймақ түгел ауыз сумен қамтамасыз ету қажет. Алайда, бұл жоспар да уақытылы орындалмайтын секілді. Себебі, бюджеттен тиісті қаржы қарастырылмаған.

ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Кейбір өңірлер Мемлекет басшысының тапсырмасын ысырып қойып, тіпті жобалық-сметалық құжаттардың өзін дайындамаған. Яғни бұл Үкіметтің бақылауының әлсіздігі деп есептеймін. Неге олар дайындамаған? Мемлекет басшысы тапсырған 500 адамнан асатын тұрғыны бар ауылдың барлығы сусыз қалуы керек пе?

Бұл мәселе Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бақылауында. Қанат Шарлапаевтың сөзінше, бұған бюджеттен 79 млрд теңге қарастырылған. Алайда, жобаны толығымен іске асыру үшін қосымша ақша керек.

ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ:

Президенттің тапсырмасын әрине орындаймыз. Ең алдымен 2025 жылдың бюджетін нақтылау кезінде осы мәселені тағы қарастыратын боламыз.

 Бюджетті талан-таражға салу жағдайлары да азаймай тұр. Жоғарғы аудиторлық палата ақшаны тиімсіз игерген мемлекеттік органдардан биыл 115 млрд теңге қайтарған. Былтыр оның көлемі 5 млрд теңге болды. 30 жеке тұлға мен 16 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілік тартылды. Палата өкілдері жуырда тағы бірқатар органға тексеріс жүргізбек.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

- Соның қатарында ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидияның тиімділігі. + 04:22 Ұлттық ұлан мен оған бағынысты ұйымдардың жұмысына да аудит жүргізіліп жатыр»

Ал Мәжіліс төрағасы енді әкімдіктердің қызметі бюджетті тиімді игеруі мен кірісті арттыруна сай бағаланатынын айтты.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сонымен қатар, аймақтарға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер көлемі бұрынғы қалпынша, тіпті кей өңірлерде өсіп отыр. Ал, өңірлер орталықтан қаржы сұрауын тоқтатар емес. Тіпті жұмсау мақсаты да өзгермеген»

АЙЯ МҮТӘЛІ, ТІЛШІ:

Осылайша, Мәжілістегі алты фракцияның 2-уі республикалық бюджетке енгізілген өзгерісті қолдамады. Десе де, басым дауысқа ие болып, құжат қабылданды. Бюджеттің негізгі үлесі әдеттегідей әлеуметтік салаға бағытталады. Соған қарамастан, Мәжіліс төрағасы кірістің жылдан жылға азайып жатқанын, Ұлттық қор қаражатына ауыз салуды доғару қажеттігін баса айтты.