Түркістан облысында 2025 жылға дейін коммуналдық салада 220 нысанның құрылысы жүргізілуде. Биыл 121 нысан аяқталуы жоспарланған.


Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде коммуналдық нысандардың құрылыс барысы қаралып, атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды. Әкім құрылыс сапасына ерекше назар аударуды тапсырды.


 НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ

Құрылыс жүріп жатқан барлық нысандардың барысы туралы ай сайын ақпарат енгізуді тапсырамын. 2025 жылы аяқталатын нысандарды мерзімінде және сапалы аяқтау қажет.


Кәсіпкерлікті қолдау аясында 4 жоба іске асырылуда. Биыл 1 нысанның құрылысы аяқталса, 3 нысан 2026 жылға қалуы мүмкін.


РОЗА САРИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

2025 жылы коммуналдық салада 220 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 210 нысан басқарма әкімшілігінің, 10-ы тікелей тапсырысшының бақылауында. Биыл 121 нысанды аяқтау қажет.


Облысты кәріз жүйелерімен қамту үшін 16 жоба қолға алынып, 10-ы жыл соңына дейін аяқталады. Газдандыру бойынша 80 нысанға қаржы бөлінген. Сондай-ақ, 1241,5 шақырымды қамтитын 288 жол нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 951,4 шақырым жол жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.


ҚУАТЖАН ЖҰМАТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бүгінгі таңда 288 нысанда 1241 шақырым жол жөнделуде. Жалпы құны 51,7 миллиард теңге. Облыстық маңызы бар жолдарға 19,9 миллиард теңге бөлініп, 24 нысанда 225 шақырым жұмыс жүріп жатыр.


Атқарылып жатқан жұмыстар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейін арттырады.