Қала әкімі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Дәулет Бекмановпен кездесті. Кездесу барысында қаланың цифрлық трансформациясы мен заманауи ІТ-шешімдерді инфрақұрылымға енгізу мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, «Smart Data Ukimet», «eOtinish AI», «QazTech» платформалары, жасанды интеллект негізіндегі құқықтық сараптама және бейнебақылау жүйелерін біріктіру жобалары қаралды. Бұл шешімдер деректер негізінде жедел басқарушылық шешім қабылдауға, тұрғындардың өтінішін өңдеу үдерісін автоматтандыруға және мемлекеттік орган жұмысының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-пен бірлескен жұмыс Шымкенттің цифрлық экожүйесін дамытуға және қала тұрғындарының өмір сүру жайлылығын арттыруға маңызды қадам болатынына сенім мол.
«ҚИЯЛ ӘЛЕМІ» ТЕХНОПАРКІНДЕГІ ЗАҢСЫЗ ҒИМАРАТ СҮРІЛУДЕ
Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданындағы Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі үшін салынып жатқан 300 орындық жатақхана құрылысымен танысты. Құрылыс басқармасына нормалар мен сапа стандарттарының сақталуына бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ Әл-Фараби ауданында «Қиял әлемі» технопаркінің артында заңсыз тұрғызылған ғимаратты сүру жұмыстарын қарап шықты. Аралау қорытындысы бойынша аудан әкімдері мен тиісті басқармаларға барлық құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, өз бетінше құрылыс салудың алдын алуға және нысандарды тұрғызу кезінде заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды жүктеді.