Құтқарушылар күні Түркістанда да атап өтілді. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, сала ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтады.


Өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінде 1600-ден аса қызметкер жұмыс істейді. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен амандығы үшін тәулік бойы тынымсыз қызмет атқарады. Құтқарушылар табиғи және техногендік сипаттағы апаттардың алдын алып, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.


ЕРТАЙ АЛТАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 - Мемлекет тарапынан төтенше жағдайлар саласына айырықша көңіл бөлінуде. Түркістан облысы құрылғалы бері жергілікті бюджеттен 4,5 млрд. теңгеге 36 бірлік жаңа техникалар сатып алынды. Алдағы уақытта да материалдық техникалық базаны нығайту жалғасады.» 


 Іс-шара барысында қызметтік борышын адал атқарып, көзге түскен бірқатар қызметкерлер мен ардагерлер марапатталды. Оларға төтенше жағдайлар министірі Шыңғыс Әріновтың және облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің алғыс хаттары мен төсбелгілері табысталды. Іс-шара әрі қарай концерттік бағдарлмаға ұласып, патриоттық әндер шырқалды.