Биыл «Оңтүстік» телеарнасының құрылғанына 35 жыл. Талай талантты тәрбиелеп, жұлдызын жаққан ұжым – өңір медиясының қара шаңырағы. Мерейтой аясында 90-шы жалдарға кері шегініп, арнаның алғашқы тынысын еске алмақпыз. Жылы естеліктерді ардагер оператор Ағабек Қазанбай баяндап берді.
Телеарна тұсауын 1990 жыл 5 қарашада кесті. Ардегер оператор Ағабек Қазанбай сол күндердің куәсі. «Оңтүстіктің» уғын қадап, шаңырағын көтеруге атсалысқандардың бірі. Бүгінгідей цфрлы құрылғылар жоқ, бейне камера тапшы кезеңде жұмыс істеген. 1000-нан аса сюжет, 50-ге жуық деректі фильм таспалаған.
АҒАБЕК ҚАЗАНБАЙ, "ОҢТҮСТІК" ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ АРДАГЕР ОПЕРАТОРЫ
– «Техника жоқтың қасы. Бір қатар техниканы сонау Ресейден алдырдық, бір қатар техниканы, жарық беретін құрылғыларды..» «Бұрынғы Целиноград телеканалынан алып келдік.» «Жылжымалы телекамера жоқ. Кешкісін алтыда тікелей эфирге шығамыз. Мынадай суфлер жоқ. Диктор кәдімгі А3 параққа қарап оқиды.»
90-шы жылдар Шымкенттіктер үшін медия саласы таңсық еді. Ел ішінде сөз ұстайтын шешен табылғанымен, құрылымы қиын камераны түсінетіндер аз болатын. Қиын-қыстауда Ахаң білгенін көппен бөлісіп, 50 – ге жуық шәкірт тәрбиеледі.
– «Бізге сол кезде телеоператор жетіспейді.» «Көшеде жүрген кісілерге қолқа салып, шығармашылыққа жақынсың ғой бізге келсең қайтеді деп жалынғандай болдым. Сөйтіп бірқатар жігіттерді үйреткенім рас.»
1993 жыл. Наурыз. Ағабек Қазанбай ұлыс күнін жоғарыдан таспалау үшін әуе шарына отырып, биікке көтеріледі. Бастапқыда бәрі ойдағыдай еді. Қажетті кадрларды түсіріп, тәуекелі ақталғандай көрінген. Кенет, ұшатын шар теңселіп, төмен қарай құлдилай кетеді.
АҒАБЕК ҚАЗАНБАЙ, "ОҢТҮСТІК" ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ АРДАГЕР ОПЕРАТОРЫ (1990-1998)
– «Мы падаем земляк дейді, что случилас деймін сасқанымнан. Газ кончилсия дейді.» «Себеттің ішіне ұзынынан жатып алдым камерамды қапсыра құшақтап, не де болса маңдайға жазғанын көремін деп.» «Камера ол кезде 3,5 мың доллар, жоға 10 мың доллар тұратын еді шамасы.» «Камера сынып қалмасын деп құшақтап, қорғап қалдым ғой камераны. – Камера сынбады ма? – Жоқ, сынбады. Бірақ, менің қабырғаларым сынды.»
«Оңтүстікте» жүріп шеберлік шыңдаған маман кейіннен «Хабар» агенттігінде жұмыс істеді. Шет елдерден ақпар таратып, отандық журналистиканың дамуына үлес қосты. Ерен еңбек еленіп, былтыр «Құрмет» орденімен марапатталды. Ғұмырын осы салаға арнаған маман қартайтым қажымайды. Жасы жетпістен асса да қолынан камерасы түскен емес. Бүгінде ол «Айғақ» телеарнасының жаңалықтар бөлімінде қызмет атқарып, шәкірт тәрбиелеуді жалғастырып келеді.