Шымкентте ішімдіксіз аймақтардың саны артып келеді. Қалалық әкімдік өкілдері мен қоғам белсенділері тұрғындармен кездесіп, дүкен иелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсат - ел ішіндегі тәртіп пен мәдениетті нығайтып, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.


Бұл бастама Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес жүзеге асуда. Ішімдіксіз аймақ құру - қоғамдағы мәдениетті қалыптастырудың бір жолы.


ОРЫНША ТӘДЖІБАЕВА, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ

– Біздің келешегіміз жастармен байланысты. Сол себепті Жиделі елді мекенін ішімдіксіз ауыл қатарына қостық. Енді бұл үрдісті ары қарай жалғастыруға ниеттіміз


Жиделіде бірнеше дүкен иелері арақ-шарап сатудан өз еркімен бас тартқан. Бұл шешім - тек саудадан емес, сана тазалығынан бастау алған қадам дейді тұрғындар.


АҚМАРАЛ ОМАРОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Бізде алкоголь, темекі, насыбай сатылмайды. Мектептің қарсысында орналасқандықтан, балаларға арналған тағамдарды ғана ұсынамыз. Арақ-шарапсыз да сауда жүреді, адал еңбектенсең, ісің алға басады.


 Қалада ішімдіксіз дүкендер қатары көбейіп келеді. Мамандардың айтуынша, бұл қоғамның салауатты өмірге бет бұрғанының көрінісі. Ең бастысы, тазалық пен тәртіп санада басталуы тиіс.