Жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларын түсіндіруге арналған кеңейтілген кездесу өтті.Жиынға ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов пен Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қатысты.Басқосуда экономикалық саясат, бизнесті қолдау және салық жүйесін жетілдіру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Жаңа кодексте салық жүйесін жеңілдетуге бағытталған бірқатар негізгі өзгерістер көзделген. Соның ішінде, салықтық есептілікті 30%-ға қысқарту, салықтардың санын 20%-ға азайту, салықтық жеңілдіктерді оңтайландыру, дифференциалды ставкаларды енгізу, инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сән-салтанат заттарына салық жүктемесін арттыру және басқа да өзекті міндеттерді шешу қаралған.
САМАТ КӨШКІНБАЙ , ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Кәсіпкерлікке жалпы қазір жан-жақты қолдаулар көрсетіліп жатыр .Салықтық қолдаулар мен қатар бізде мынау кәсіпкерлерге инфрақұрылым жеткізу ,оларға дайын жер учаскелерін беру ,қаржылай қолдау көрсету мақсатында қазір обылыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жүйелі шаралар қабылдануда
Жиын соңында кәсіпкерлер көкейдегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Өзекті мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын жекізді. ҚР Қаржы вице-министрі бизнес өкілдерінің сұраныстары штаб отырысында талқыланатынын жеткізіп, орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттілігін атап өтті.