Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Алдын ала жазылған 20-дан астам тұрғын өз мәселелерін айтып, талап-тілектерін жеткізді.
Қабылдауға Сарыағаш, Отырар, Жетісай, Төлеби аудандары мен Түркістан қаласынан тұрғындар келді. Олар білім, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек және өзге де салалар бойынша мәселелерін көтерді. Кейбірі тиесілі жалақысын уақытылы ала алмай жүргенін айтса, енді бірі мектеп формасына қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ мектептің атауын өзгерту, мамандығы бойынша жұмысқа орналасу және білім ошағындағы ыстық тамақ сапасы жөнінде де түйткілдер қозғалды. Арыз-шағымдарды мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары әр өтінішке жеке тоқталып, көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме берді.