Қала әкімдігі 2019–2025 жылдар аралығында жастарға сатып алу құқығынсыз 3890 пәтер берген. Онда жастар 5 жыл тұрып, үй сатып алуға қажетті алғашқы жарнаны жинауы қажет болған. Алайда мемлекет көмегін қажетсіз пайдаланған 451 жас жалға алу ережелерін өрескел бұзған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек баспасөз отырысында айтты.


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

«Жастар» бағдарламасы негізінде үй алуға көптеген азамат өтініш берген. Негізінен – үйі жоқ, пәтер жалдап жүрген жастар. Жобаның көздегені де осы еді: тиыннан теңге құрап, титықтағандарға қолдау танытып, алғашқы жарна жинауға көмектесу. Бірақ мемлекет көмегімен берілген пәтерді орынсыз пайдаланып, өзге біреуге жалға бергендер де бар екен.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

Осы пәтерді алғаннан кейін басқа жылжымайтын мүлік сатып алған. Жер немесе пәтер сатып алған. Арасында басқа қалаға көшіп, өздері тұрмай жалға бергендер бар. 


 ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

Өткен аптада тергеу органдары 176 іс тіркеген. Ең жиі жасалатын қылмыстар қатарында интернет алаяқтары көш бастап тұр. Қулығына құрық салдырмайтындар 62 азаматты алдап, олардың қаражатына қол сұққан. Сондай-ақ аңғалдықтан опық жеп, жауапкершілік арқалағандар да бар. Мәселен:


 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

– Өткен аптада М есімді азамат өзінің танысына банк картасын уақытша қолдануға берген. Алайда белгісіз адам ол карта арқылы есірткі дүкендерімен жұмыс істеп, есірткі заттарын сатқаны үшін адамдардан ақша аудартып отырған. Мұндай жағдайда картаны берген адам да қылмыстық жауапкершілікке тартылады.» 


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

Ресми өкіл қала тұрғындарын сақ болуға, қаржылық сауаттылықты арттыруға және алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды. Ол үшін кез келген ақпаратты елеп-екшеп, сүзгіден өткізу қажеттігін ескертті.